
Педагогтерді аттестаттау қағидаларының өзгерістері туралы мектебімізде талдау жұмыстары өтті.

Бүгінгі таңда педагогтарды аттестаттау қағидаларындағы өзгерістерді қолдаймыз.Заман талабына сай педагог жетістіктерінің жеке кабинеті арқылы ұлттық платформа базасында болуы көңілдегі күмәнімізді азайтып, сенімділікті ұялатады. Мұғалім жетістігі - оқушының білім сапасын арттыру, түрлі сайыстар мен жарыстарда оқушысын жан-жақты көрсетуі болып табылады. Педагогтардың өз пәнінен тест тапсыруы да әр пән мұғаліміне берері мол. Педагог тестке дайындалу арқылы біршама ізденіс үстінде болады. Мұғалім заман ағымына ілесіп отыру керек. Жан -жақтылыққа, үйренуге, ізденуге, қазір талпынбасақ болашақ ұрпағымыздың дамуына кедергі келетіні анық. Өйткені заман ағымына қарай білімді жаңартып, ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде қолдана білу керек. Әр педагог жаңашылдықты қолдап, үнемі алда болуы қажет деп ойлаймыз.