Бүгін мектебіміздің 11-сынып түлектеріне аттестат табыстау салтанатты шарасы болып өтті.
Түлектердің аттестат алу шарасында мектеп директоры Ж.А.Тургамбаева кіріспе сөз сөйлеп, түлектер мен ата-аналарын құттықтады. Бұл ерекше сәтке ата-аналар, ардагер ұстаздар, ұстаздар, ауылымыздың әкімі Ө.Б.Мәзенов қатысып, түлектерге жүрекжарды тілектерін білдірді. Әр сөз – үміт, әр тілек – сенім!
Армандарға қанат қаққан түлектердің көзінен қуанышпен қатар қимастық сезімі де байқалды. Өйткені бұл – балалық шақтың соңғы парағы, естен кетпес кезеңнің жабылуы.
2024-2025 оқу жылында 11-сынып түлектерінен "Алтын белгі" иегері Қыдырханова Әдемі, "Үздік аттестат" иегері Нұрсейіт Шолпан болды.
Қымбатты түлектер! Алдарыңыздан тек ашық жол, биік белес, нұрлы болашақ күтсін!