2024-2025 оқу жылы 1-сыныпқа қабылдау ережелері » «Би Боранбай Атындағы орта мектебі»
Абай облысы білім басқармасының
Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің
«Би Боранбай Атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72359) 2-72-41
Есепші бөлімі:
+7(72359) 2-72-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2024-2025 оқу жылы 1-сыныпқа қабылдау ережелері
04
мамыр
2024

2024-2025 оқу жылы 1-сыныпқа қабылдау ережелері

1 сыныпқа балаларды қабылдау туралы ақпарат

1 сәуірден бастап балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініштер қабылданады және қабылдау 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады.

Балаларды мектепке қабылдау тәртібі 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрықпен бекітілген Үлгілік қағидаларда айқындалған.

2024 жылдан бастап құжаттарды қабылдау мерзімі күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін ұзартылды;

Бірінші сыныпқа алты жастан бастап даярлық деңгейіне қарамастан балалар және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын балалар келесі құжаттарды ұсынумен қабылданады:

  • мәлімдеме;
  • өлшемі 3х4 см баланың суреті (2 дана);
  • «Бала денсаулығының паспорты» 052-2/у нысанды анықтама. Денсаулық сақтау министрлігінің мәлеметі бойынша, биылғы жылдан бастап «Бала денсаулығының паспортыy» ақылы түрде сатып алудың қажеті жоқ. Баланың денсаулық паспортын баланың тіркелген жері бойынша емханалар мөрі бар анықтама түрінде тегін беретін болады.

Ағымдағы жылда Оқу-ағарту министрлігімен egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы ырқылы мемлекеттік қызметтің бизнес-процесі жаңартылды:

  • микроучаскеге байланысты автоматты түрде мектепті таңдау қарастырылған. (Білім беру ұйымына қызмет ету аумағы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының бұйрығымен бекітіледі);
  • сынып жинағы автоматты түрде қалыптасады;
  • білім беру ұйымымен келісім-шарт «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық форматта жасалатын болады (бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықтан кейін ата-анаға білім беру ұйымымен отыруға келісім-шартқа танысу және қол қою үшін СМС хабарлама келеді. Білім беру ұйымы бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықты ағымдағы жылғы 25 тамыздан кейін шығарады).

Сонымен қатар, білім беру ұйымдарына артық құжаттарды, оның ішінде «Баланың туу туралы куәлігін» талап етуге тыйым салынғанын хабарлаймыз.

2024-2025 оқу жылы 1-сыныпқа қабылдау ережелері
 БІРІНШІ СЫНЫП ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ 31 тамызға дейін ұзартылды.

Білім министрлігі ата-аналар мен жұртшылықтың өтініші бойынша білім беру ұйымдарына қабылдау ережесіне өзгерістер енгізді.

Егер бұрын бірінші сыныпқа қабылдау мерзімі 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында болса, енді баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін жүргізіледі. .

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бірінші сыныпқа өтініштер ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін қабылданады.

Құрметті ата-аналар! Орта білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес орта білім беру ұйымдарында бірінші сыныпқа оқуға қабылдау үшін құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1 тамызында аяқталатынын естеріңізге саламыз. Балаңызды бірінші сыныпқа қабылдау үшін көрсетілген мерзім өткенге дейін құжаттарды «электрондық үкімет» порталы арқылы немесе тікелей білім беру ұйымына (мектепке) тапсыру қажет. «Білім беру ұйымдарына (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы) құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» қызметін қалай алуға болатыны туралы бейнероликті көріңіз."Прием документов и зачисление в организации образования (начальные, основные средние, общие средние, специальные)" 


Сізді және сіздің балаңызды мектеп өмірінің басталуы сияқты айтулы оқиғамен құттықтаймызМектеп уақыты - ең жарқын және қызықты уақыттардың бірі. Балаңызға оңай әрі жемісті болсын! Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына баратын баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін жүзеге асырылады. Тиiстi мемлекеттiк органдар шектеу iс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгiзген, белгiлi бiр аумақта әлеуметтiк, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда бiрiншi сыныпқа оқуға құжаттар қабылданады. ұйымдар ағымдағы жылдың 20 тамызынан кешіктірмей


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Мекен жайымыз
Қазақстан, Абай облысы,Ақсуат ауданы, Қызыл кесік ауылдық округі, Қызыл кесік ауылы, орам Қ.Көнекбайұлы, ғимарат 57, пошта индексі 071511

©2023, Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің «Би Боранбай Атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдау "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru