22
қаңтар
2025
Интернет алаяқтықтың алдын алу туралы Қызылкесік учаскелік полициясы Д.Бегембаев









Қызылкесік учаскелік полициясы Д.Бегембаев интернет алаяқтық туралы бейнематериалдар мен слайдтар арқылы баяндама жасады. Алаяқтықтың түрлері мен қоғамда орын алып жатқан жағдайларды мысалмен көрсетті. Жеке деректерін, банк карточкаларының нөмірін, телефонға келген хабарламалардағы код сандарын басқа адамға айтпауға кеңес берді. Кейбір күмәнді сілтемелерге, қолданбаларға кірмеуге, сауда-саттық сайттарына банк карта мәліметін енгізбеуді, үлкен ақшалай сыйлық ойнатылатын конкурстарға қатыспауды ұсынды.
Сонымен қатар тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа тоқталды.