Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Е.К.Аринов 7 "А" сыныбында Медетбек Темірханның "Тәуелсізбін" өлеңі тақырыбында ашық сабақ өткізді. » «Би Боранбай Атындағы орта мектебі»
«Би Боранбай Атындағы орта мектебі» » Ақпарат » Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Е.К.Аринов 7 "А" сыныбында Медетбек Темірханның "Тәуелсізбін" өлеңі тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Педагог, педагог-модераторлар онкүндігі аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Е.К.Аринов 7 "А" сыныбында Медетбек Темірханның "Тәуелсізбін" өлеңі тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Мақсаты: Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау, көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту.
Сабақ кіріспесінде оқушылардан үй жұмысы сұралды.
Жаңа сабақ "Тұлғаны таны" әдісі арқылы Темірхан Медетбек туралы тақырып қамтылды .
Тақтадан "Қазақстанның физикалық картасы" көрсетілді. 5 оқушы шығып, картаны пайдаланып кезек-кезек "Менің елім Қазақстан" тақырыбында өз ойларын жеткізді.
Темірхан Медетбектің "Тәуелсізбін" өлеңін оқып, мағынасын талқылады.
Үй тапсырмасына осы өлеңнен үзінді жаттау берілді.