Ақсуат Аудандық Полиция Басқармасын алаңдатып отырған мәселелердің мәнісін дүкен иелеріне түсіндіру мақсатында ДТІЖО М.К.Орингожин ауылдағы дүкендерді аралап, ұсынысын білдірді.
Мектеп оқушыларына қарызға сауда жасамау және кез келген күмәнді заттарды сатпау туралы сауда дүкендерінің иелерімен және сатушыларымен қоғамдық тәртіпті бірге сақтап, балаларымыздың тәртібін қадағалауда бірге жұмыс жасау бағытында кеңес беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кәсіпкер азаматтар да мектеп тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстардың және ескертпелердің дұрыстығын айтып, ауылдың тынышытығы мен оқушылардың қауіпсіздігі ортақ іс екенін тілге тиек етіп, кез келген жағдайда мектеппен бірлесе жұмыс істеуге әзір екендіктерін жеткізді.