Спорт...бокс..."Жыл үздігі"
Бокс – тек күш емес, ол тәртіп, төзімділік, және армандарға жету жолында күрес.
Мектебімізде бокс үйірмесі 2017 жылы ашылды. Үйірмеге қазіргі уақытта 20 бала қатысып жүр.
2025 жылдың 20-ақпан күні мектебімізде директордың бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары А.Е.Зейноллинаның ұйымдастыруымен мектебіміздің мақтанышы, үздік боксшыларымызбен «Жетістік шыңы» атты кездесу кеші өтті.
Шараның басты мақсаты: Оқушыларымызды қолдау, еліміздің және халықаралық деңгейдегі үздік боксшыларын құрметтеу, олардың жетістіктерін бағалау және спортқа қосқан үлесін атап өту. Бұл кеш боксшыларды жігерлендіріп, жас спортшыларға үлгі көрсетуге бағытталған.
Кеш барысында мектеп директоры Ж.А.Тургамбаева боксшыларға және жаттықтырушылары Сайлауов Рустем мен осы білім алушыларымыздың ата-аналарына жылы лебізін білдіріп, алғысын айтты.
Биылғы оқу жылы оқу және спорт саласында жетістіктерге толы жыл екендігіне баса назарын аудартады. Атап айтар болсақ, Өзбекстан Республикасында өткен халықаралық жарыстан екі білім алушыларымыз жүлделі оралған еді. Олар: Жұмағалиев Нұржігіт 1-орын, Мержақыпов Мардан 2-орын.
Алматы қаласында өткен Республикалық ашық турнирден де боксшыларымыз алдыңғы қатарлардан көріне білді: Жұмағалиев Нұржігіт 1-орын, Мержақыпов Мардан 1-орын,
Берікхан Бекзат 1-орын, Мержақыпов Ералы 1-орын, Солтан Ақсұлтан 2-орын, Қабдолла Дінмұхамед 2-орын, Маратбек Әлем 3-орын, Тұмар Бекзат 3-орын.
Кеш барысында «EVEREST» баспа үйінің ұйымдастырумен, жаттықтырушыларының ұсынысымен мектеп директоры және ата-аналар мектебіміздің 5 боксшы оқушыға «Жыл үздігі» төсбелгісі, куәлігі және ата-аналарына алғыс хаттары табыстады. Олар: 1. Жұмағалиев Нұржігіт 7 « Б» сынып оқушысы,
2. Мержақыпов Мардан 7 «А» cынып оқушысы,
3. Қабдолла Дінмұхамед 7« Б» сынып оқушысы,
4. Тұмар Бекзат 5 «А» сынып оқушысы
5. Роллан Әкежан 9 «А» сынып оқушысы.
Шара барысында барлық боксшы оқушыларымыздың жетістіктері аталып, олармен сыр-сұхбат ұйымдастырылды. Мектеп психологы Разина Лизат оқушыларға боксқа психологиялық дайындықтың маңыздылығы және оның негізгі әдістері туралы бөлісті. Тәтті сыйлықтар таратып, мотивациялық техникаларын көрсетті.
2 «А» сынып оқушысы Кариполла Едіге боксшыларымызға әсем ән орындап берді. Кеш барысында мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары А.К.Мухаметкажина мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Б.Саркытбай жаттықтырушыға, ата-аналар мен оқушыларға ізгі тілектерін білдірді.
Жаттықтырушылары Сайлауов Рустем шәкірттерінің жетістігіне тоқталып, ата-аналарға алғыс айтты. Өз кезегінде ата-аналар да балаларын қанаттандырып, биік шыңды бағындыруға жетелеген бапкері Сайлауов Рустемге алғыс білдірді.