Шаңырағың биік, керегең кең, босағаң берік болсын...
"Наурызнама" онкүндігі бойынша 16-наурыз-Шаңырақ күні.
Шаңырақ – қазақ халқы үшін қасиетті ұғым. Ол тек үйдің төбесіндегі күмбез емес, ол – отбасының берекесі мен тірегі. «Шаңырағың биік, керегең кең болсын!» деген тілек әр қазақтың жүрегінде терең мағынаға ие. Себебі шаңырақ – жанұяның татулығы, ұрпақ сабақтастығы және ұлттық құндылықтардың негізі. Бұл күн отбасы құндылықтарын, бірлікті, дәстүр мен ұрпақтар сабақтастығын дәріптейтін ерекше мереке.