Педагог , педагог- модераторлар онкүндігі аясында қазақ күресінен қосымша білім беру педагогы, қазақ күресінен жаттықтырушы М.Қ.Магеллан “Жамбас әдісіне қарсы әдістер “ тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Мақсаты: Ұлттық күрес түрлеріне оқушыларды баулу, ұлттық ойындарға оқушылардың сүйіспеншілігін ояту, күрес тәсілдеріне үйрету.
Сабақ кіріспесінде оқушыларды сапқа тұрғызып, сәлемдесу, баянат беру, дене қыздырыну жаттығуларын жасады: жүгірді , жүгіру шеңберіне тұрып арнайы жаттығулар орындады.
Сабақ барысында жамбас тәсілдерін жаттығу ретінде орындады.