Педагог, педагог-педагог-модераторлар онкүндігі аясында география пәнінің мұғалімі Ө.Н.Рахымбаева және биология пәнінің мұғалімі Ж.Т.Сарсимбаева 5-7 сынып оқушылары арасындағы "Табиғатқа қамқор бол!" тақырыбында Start Up байқауын ұйымдастырды.
Мақсаты: Оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру және жасыл технологиялар мен экологиялық мәселелерді шешуге ат салысуға шақыру. Шығармашылық қабілеттері дамыту.
Байқауға барлығы 14 оқушы қатысты. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталып, басқа қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.