15
қараша
2024
"Ұлттық теңге-Тәуелсіздік нышаны"

Қарашаның 15-і күні 4"Б" сыныбында "Ұлттық теңге - Тәуелсіздік нышаны" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Сабақтың мақсаты оқушыларды Тәуелсіздіктің ең бір айрықша белгісі- теңге жайлы түсініктерін кеңейту, шығу тарихын және айналымға ену кездері жайлы мағлұмат беру сонымен қатар үнемшіл болуға баулу. Тәрбие сағаты "Теңгенің шығу тарихы" атты слайд көрсетуден басталды. Келесі кезекте "Теңгенің бейнесі " оқушылар дайындап әкелген парақтарға шолу жасалды. "Ақша - уақыт тынысы" бөлімінде ақшаға сатылмайтын құндылықтар жайлы және ақшаны үнемдеп ұстауға үйрету үшін "Тиыннан теңге құралады" ойыны ойнатылды.
Сынып жетекшісі: Аяганова Лайлим Бактыгалиевна