20
қараша
2024
"Салауатты тамақтану әдеттерін қалыптастыру"




20 қараша күні Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарына сай "Салауатты тамақтану әдеттерін қалыптастыру" тақырыбында бастауыш сыныптың жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті.
Мақсаты:
Білім алушылардың салауатты өмір салтының құрамдас бөлігі ретінде ата-аналардың тамақтану мәдениетін қалыптастыру. Ата-аналар "Жеміс - жидектер", "Шоколадтар", "Жаңғақ өнімдері", "Ұн өнімдері" және"Ұлттық тағамдар" деген атауларымен 5 топқа бөлінді. Әр түрлі сұрақтарға жауап беріп, бейнероликтер тамашалап, жағдаяттар шешіп, сабақ қорытындысы ретінде "Дұрыс тамақтану газетін" топтық жұмыс негізінде құрастырып шықты.Соңында ата аналарға дұрыс тамақтану жайлы жаднама таратылды.
Ұйымдастырушылар: Аяганова Лайлим Бактыгалиевна және Казыбаева Бақытжан Мейрамбековна