02
желтоқсан
2024
Мұражайға саяхат






02.12.2024 ж мектебіміздің 2024-2025 жылдар оқу-тәрбие жоспарына сәйкес 4 "а" сынып білім алушылары мектептің "Малдыбай қажы атындағы тарихи-өлкетану мұражайына" барды.
Мақсаты:
1.Білім алушыларды өз туған өлкесінің тарихын білуге үйрету.
2. Елі мен жері үшін соғыс кезінде батырлығымен , бейбіт күнде адал еңбекпен, ұстаздықпен тарихта қалған өлке азаматтары туралы мәлімет беру.
ДТІЖО М.К.Орингожин мен сынып жетекшісі Б.А.Казыбаева мұражайдағы мәдени құндылықтар туралы әңгімелеп, білім алушылар сұрақтарын қойды.
Мұражайда ауылымыздың тарихынан сыр шертетін кітаптар, қолжазбалар , көне фотосуреттер мен Би Боранбай бабамыздың тасқа қашалып салынған суреті бар. Ұлы Отан соғысына қатысқан біздің өлкенің азаматтарының,тыл ардагерлерінің,біздің білім ордасы ұстаздарының фотосуреттері, ақын-жазушыларының кітаптары сақталған. Ауыл азаматтары осы мұражайға ұсталардың құрал-сайман түрлері мен тұрмыстық заттар, көне қарулар табыстаған. Мұражайға саяхат соңында білім алушылар естелік фотоға түсті.