13
қаңтар
2025
9 "Б" сынып ата-аналар жиналысы


АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

Жиналыстың күн тәртібі бойынша сыныптың ата-анасы Қабылова Кенже « Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» тақырыбында баяндама жасады.
Сынып жетекшісі Азимханова Айгуль Нукебайқызы сынып білім алушыларының ІІ оқу тоқсанының қорытындысымен ата- аналарды таныстырып, сыныптың жекелеме пәндер бойынша білім сапасының қорытындысына талдау жасады. ДОІЖО Мухаметкажина Айгул Кадировна «Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісі» ББЖМ бойынша ақпаратпен таныстырып, іс- шаралар жоспарымен бөлісті.
«Сауаты төмен адамдар расында баласына дұрыс тәрбие бере алмай ма?» тақырыбында әсерлі әлеуметтік бейнеролик көрсетіліп, ата- аналар арасында талқыланды. Ата-аналар өздерінің әсерлерімен бөлісті.

Ұйымдастырушы: сынып жетекшісі А.Н.Азимханова