Ақ пейіл, таза жүрек, жүзің жарқын,
Секілді мөлдір бұлақ суы салқын.
Болғандай дертке шипа жаны сүйіп,
Шүбәсіз пайдаланар болсын халқың...(Міржақып Дулатұлы)
Мектеп кітапханасында кітапханашы А.С.Жумажанованың ұйымдастыруымен "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы, "Оқуға құштар мектеп", "Бір сынып-бір кітап " жобалары аясында Міржақып Дулатұлының "Бақытсыз Жамал" романын 8-сынып білім алушыларымен талқылады.
Мақсаты: Білім алушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ынтасы мен қызығушылығын, сыни тұрғыдағы көзқарасына еркіндік беру. Білім алушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату, кітапқа деген қызығушылығын ояту.
Автор шығарма арқылы Жамал өмірін ғана емес, сол кездегі қазақ өмірінің сан қырлы әлеуметтік мәселелерін айтқысы келді.