Өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін айналамыздағы қауіпті заттардан сақ болуымыз керек. Өрт, ток тағы басқа "тілсіз жаудың" түрі көп бүгінгі күнде...
Көбіне қауіпті жағдай электр сымдары мен ток көздерінде болады. Осы қауіптің алдын алу мақсатында ауылымыздың электрик мамандары С.Орынғожин мен Б.Кәрібаевтар оқушыларға сақтық шараларын түсіндіріп, дәріс оқыды.