"Педагог-сарапшы мұғалімдерінің онкүндігі" аясында Би Боранбай атындағы орта мектебінің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі, педагог-сарапшы Жакупова Ботакөз қазақ тілі сабағынан "Ұлттық ыдыстар" тақырыбында іс-әрекет өткізді.
МАҚСАТЫ:
Ұлттық ыдыстармен таныстыру,атауын ататып күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Ұлттық құндылықтарды құрмет тұтуға тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында тәрбиеленушілер "Менің бір күнім" алаңына келіп өздерінің күн тәртібін құрды. Алдаркөсемен "Кім тапқыр " ойынын ойнау арқылы жұмбақтар шешті. "Дастархан жаю, "Ақсүйек" ойыны,"Үстел үсті ойындары" ойнатылды.
Іс-әрекет соңында тәрбиеленушілер құм терапиясымен ұлттық ыдыстардың суретін салды.