
Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай аудандық мәдениет үйінде "Ұлт рухы – ұрпақ үнінде" атты аудандық патриоттық әндер байқауы болып өтті.

Байқаудың мақсаты:
1. Жастардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.
2. Патриоттық әндерді насихаттау арқылы ұлттық бірлікті нығайту.
3. Дарынды орындаушыларды анықтап, қолдау көрсету.
3. Ән арқылы елге, жерге деген сүйіспеншілікті арттыру.

Байқау мектеп ұстаздары және оқушылар арасында болып екі категория бойынша өткізілді. Ұстаздар арасындағы ән сайысына мектебіміздің кітапханашысы А.С.Жумажанова, оқушылар арасындағы ән сайысына Омархан Азиз қатысып, АЛҒЫС ХАТпен марапатталды.