Жазғы демалыстың көңілді күндерімен бірге "Балдәурен" демалыс және спорт лагері де өз жұмысын сәтті аяқтады. Балалар үшін бұл уақыт шын мәнінде ұмытылмас сәттерге толы болды!
Серуенге шығып, табиғатпен етене танысты.
Киіз үй тігіліп, ұлттық ойындар ойналды.
Пайдалы психологиялық тренингтер өтті.
Әр күн қызықты бағдарламаларға толы болды.
Кешегі жабылу салтанаты – лагерьдің жарқын қорытындысы. Балалардың жүзіндегі қуаныш пен қимастық сезімі – бұл лагерьдің сәтті өткенінің дәлелі.