Малдыбай қажы Рахманұлы атамыздың ұрпақтарының демеушілігімен "Ер қаруы - бес қару " атты бабалар ерлігіне тағзым монументі ашылды. » «Би Боранбай Атындағы орта мектебі»
«Би Боранбай Атындағы орта мектебі» » Ақпарат » Малдыбай қажы Рахманұлы атамыздың ұрпақтарының демеушілігімен "Ер қаруы - бес қару " атты бабалар ерлігіне тағзым монументі ашылды.
8-мамыр күні Қызыл кесік ауылдық округіне қарасты Майлышат елді мекенінде қоғам қайраткері Малдыбай қажы Рахманұлы атамыздың ұрпақтарының демеушілігімен "Ер қаруы - бес қару " атты бабалар ерлігіне тағзым монументі ашылды.
Рухы биік ұлт қана биікке ұмтыла алады. Осы орайда Талап Малдыбайұлы ағамыз туған жерге туын тігіп, елінің қадасын түзулеп қадап, жыртығын жамап жүрген азаматтың бірі.
Би Боранбай атындағы орта мектебіндегі өлкетану мұражайына да қаражатын аямай, жабдықтап берген осы ағамыз болатын.
Өскелең ұрпаққа заманға сай білім алуына ықпал етіп, демеушілік көрсеткен Талап Малдыбайұлына Ақсуат аудандық білім бөлімі басшысы А.Ш.Қыдырмолдиннің және мектеп директоры Ж.А.Тургамбаеваның мектеп ұжымы атынан Алғыс хаты табысталды. Меценат ағамыздың отбасына амандық, еңбегіне өнімділік тілейміз!!!