Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесіне орай 2 "А" сыныбында жетекшісі М.Н.Бекетаев ашық тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: Оқушыларды өз Отанын, елін, жерін сүюге, қаһарлы күндеріндегі халқымыздың үлгі тұтарлық қасиетін мақтан ете отырып, тәуелсіз еліміздің туын биікке көтеруге, қазақ елінің майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігіне құрметтеп, Отанды қорғай білуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты барысында "Шекарашылар" көрінісін қойды. "Солдат болам мен ертең" өлеңін хормен айтты.