АТА- АНАЛАР НАЗАРЫНА!!!"Би Боранбай атындағы орта мектебі" КММ 2024-2025 оқу жылындағы соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау кезеңдеріне қатысты келесі жағдайларды ескертеді:
Бітіруші 9 және 11 сынып оқушыларынан мектеп қажеттілігіне ақша жинауға;
Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге қандай да бір сыйлықтар беруге;
Оқушылардың автокөлік шеруіне қатысуы, ойын - сауық, мейрамхана, саябаққа баруға;
Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыруға;
Қорытынды аттестаттау кезінде ата - аналардан ақша жинап, мерекелік дастархан жаюға қатаң түрде тыйым салынады.
Мақсаты: Бұл шектеулер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық этика мен әділдікті сақтау , сондай - ақ білім алушылардың қауіпсіздігі мен азаматтық құқықты сақтау мақсатында енгізіліп отыр.
"Соңғы қоңырау" іс - шарасы кезінде оқушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, тек бір ата- ана немесе заңды өкілдің қатысуы талап етіледі. Бұл- кешенді қауіпсіздік шарасының бір бөлігі.ҚҰРМЕТТІ АТА- АНАЛАР, жоғарыдағы талаптарды ескере отырып, балаларыңыздың қауіпсіздігіне бей - жай қарамауыңызды сұраймыз.
Біз үшін басты мақсат- сіздің балаңызға сапалы білім мен саналы тәрбие беру!