

Кітапхана...Қорытынды...
Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасаудағы тілден кейінгі кемел құрал-кітап.
Кітап -қоғам мүшелерінің қарым қатынасын реттеуде ғана емес, бүгінгі заман мен тарихты және болашақты жалғастырып тұрған рухани арқау.
Осындай бірегей құралды адамзаттың қолына беріп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғап отырған кітапхана.
Би Боранбай атындағы орта мектебінің кітапханашысы А.С.Жумажанова "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының "Оқуға құштар мектеп ", "Балалар кітапханасы" жобалары аясында жыл бойы өткізген іс-шараларға есеп берді.
"Үздік оқырман" номинациясы бойынша 3-сынып оқушылары Л.Нұрланқызы, Қ. Тойғазы, 7 "А" сынып оқушысы Н.Аманқызы, "Кітапхана іс-шараларына белсене қатысқан сынып" номинациялары бойынша 7 "А", 7 "Б", 8 "А" сыныптары, "Кітапхананың мәдени іс-шараларына белсене қатысқан оқушы" номинациясы бойынша Е.Бекболат, М.Шалқарқызы, Е.Абдикаримов танылып, алғыс хаттар табысталды.