Жазушы, зерттеуші Айбек Қабден-Кәрімнің «Тұлғасын ғасыр сомдаған Би Боранбай» атты кітабының тұсаукесері » «Би Боранбай Атындағы орта мектебі»
Абай облысы білім басқармасының
Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің
«Би Боранбай Атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72359) 2-72-41
Есепші бөлімі:
+7(72359) 2-72-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жазушы, зерттеуші Айбек Қабден-Кәрімнің «Тұлғасын ғасыр сомдаған Би Боранбай» атты кітабының тұсаукесері
10
маусым
2025

Жазушы, зерттеуші Айбек Қабден-Кәрімнің «Тұлғасын ғасыр сомдаған Би Боранбай» атты кітабының тұсаукесері

vid-20250612-wa0055.mp4 [4,28 Mb] (cкачиваний: 0)
Тарихыңды білу – тамырыңды тану...
📚Өткеннің өткелдерін білмеген ел — ертеңінің іргетасын нық қалай алмайды. Осы ұлағатты ұғымды арқау еткен Би Боранбай атындағы орта мектепте ел жадында ерен ізі қалған баһадүр бабамыздың өмірі мен өнегесіне арналған алғашқы тарихи еңбектің тұсауы кесілді. 
📚 «Тұлғасын ғасыр сомдаған Би Боранбай» атты бұл құнды туынды — жазушы, зерттеуші Айбек Қабден-Кәрімнің жиырма жылға жуық тер төккен табанды ізденісі мен жан-жақты зерделеуінің нәтижесі.
📚Бұл кездесу былтырғы жиналыстың жалғасы іспеттес.
📚Осы кездесу барысында Айбек Мүталапханұлы мектептен 
би бабамыздың атындағы мұражайы ашылса деп ұсыныс білдірді. Ақсуат ауданы әкімі Е.Ескендіров пен Ақсуат аудандық білім бөлімі басшысы А.Қыдырмолдин де осы ұсынысын құптады.
📚Алаш баласына ортақ алып тұлға – 
Би Боранбай бабамыздың асыл қасиеттері мен биік болмысын кеңінен ашуға тырысқан ардақты ағамыз Айбек Мүталапханұлына мектеп ұжымы атынан шексіз алғысымызды білдіреміз.
📚Бұл еңбек жас ұрпақтың ел тарихына деген қызығушылығын арттырып, ұлттық рухты күшейтуге зор үлес қосарына сеніміміз кәміл. Туған ауылының қасиетті топырағында бабалар аманатын ақ қағазға түсіріп, халқына ұсынған, ел басқару ісінде де лайықты қызмет атқарған Айбек ағамызға алдағы істеріне сәттілік пен толағай табыс тілейміз.
⚜️Қыран ұлы Қызылтастың – қанатыңыз талмасын, қаламыңыз мұқалмасын!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Мекен жайымыз
Қазақстан, Абай облысы,Ақсуат ауданы, Қызыл кесік ауылдық округі, Қызыл кесік ауылы, орам Қ.Көнекбайұлы, ғимарат 57, пошта индексі 071511

©2023, Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің «Би Боранбай Атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдау "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru