13
желтоқсан
2024
Біліктілік көтеру курсы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педогогикалық кітапханасының (ҚР ОАМ РҒПК) мамандары ағымдағы жылдың 9-13желтоқсан күндері Абай облысы, Ақсуат аудандық Білім бөлімінің қарамағындағы мектеп кітапханашыларының сұранысына орай "Мектеп кітапханасының жұмысын ұйымдастыру" тақырыбында біліктілікті көтеру курсын ұйымдастырды. Курстың оқу -тақырыптық жоспары 80 академиялық сағатқа негізделген модульдардан тұрады. Курс Ақсуат ауылы, "К.Нурбаев атындағы Ақсуат орта мектебінде" өтіп,мектебіміздің кітапхана меңгерушісі А.С.Жумажанова қатысып келді.