04
желтоқсан
2024
Педагог-зерттеуші ұстаздарының онкүндігі ашылуы

02.12.2024-13.12.2024жылдың онкүндігі "Педагог-зерттеуші ұстаздарының онкүндігі" боп бекітілді. Мектебімізде 19 педагог-зерттеуші оқушыларды білім нәрімен сусындатып,тәрбие беріп келеді.
Онкүндіктің мақсаты:
Цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, өзін – өзі ұйымдастыруға қабілетті тұлғаны дамыту.
Міндеттері:
1.Білім алушылардың когнитивті дағдыларын дамыту;
2.Білім алушылардың өздігінен білім алу және тұлғалық өзін- өзі дамыту дағдыларын қалыптастыру;
3.Білім алушыларда цифрлық интеллектті дамыту;
4.Отандық тәжірибе негізінде функционалдық сауаттылық қалыптастыру жолдарын зерделеу
5.PISA, ББЖМ бағалау ұстанымдары негізінде функционалдық сауаттылық деңгейін арттыруда тәжірибе алмасу.