"Би Боранбай атындағы орта мектебінің" ұстаздар қауымы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен режиссер Ерлан Ұшақпаевтың «Ұстаз» көркем фильмін тамашалады. Фильм педагогтерді қиындығы мен қызығы мол ұстаздық жолдағы табысты істерге шабыттандырып, педагогика саласындағы қызметте өз идеясын ұсына білуге және мақсатты жұмыс жасай отырып, жетістікке жетуге шақырады. Білім алушылардың сенімді серігі болуға баулиды. Ұстаз мәртебесін көтеруді көздейді.