Мектебімізде оқуда озат, аудандық, облыстық, республикалық олимпиадалардың, спорттық сайыстарының жеңімпаздарын ұлықтау мақсатында "Мектеп мақтанышы" куәлігін табыстау салтанатты шарасы болып өтті.
Мектеп ұстаздарының құрамынан арнайы комиссия құрылып, сол комиссия шешімімен 2024-2025 оқу жылының қорытындысы нәтижесінде 19 оқушы "Мектеп мақтанышы" деп танылды. Төсбелгі мен "Мектеп мақтанышы" куәлігін табыстау құрметі Қызыл кесік ауылдық округі әкімі Ө.Б.Мәзеновке, биылғы оқу жылында зейнеткерлікке шыққалы отырған ұстаздар С.С.Бекетаеваға және К.Т.Бибековке ұсынылды.