"Желдің пайдасы мен зияны" » «Би Боранбай Атындағы орта мектебі»
Абай облысы білім басқармасының
Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің
«Би Боранбай Атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72359) 2-72-41
Есепші бөлімі:
+7(72359) 2-72-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
желтоқсан
2024

"Желдің пайдасы мен зияны"



    Педагог-зерттеуші ұстаздарының онкүндігіне орай 4 "Б" сыныбында  жаратылыстану пәнінен "Желдің пайдасы мен зияны" тақырыбында ашық сабақ өтті. 
    Сабақтың мақсаты:  желдің пайдасы мен зияны туралы мысал келтіру және  алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну.
Сабақта оқушылар  "Зырылдауық", "Желкенді қайық", "Батпырауық" деп үш топқа бөлінді. Өткен сабақты "Спиннер" ойыны арқылы пысықтады. Топтардың атауына қарай қойылған макеттер арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтады. Сабақтың  мақсатын қоя  отырып, топтық жұмыс берілді, оның нәтижесінде екі топ арасында "Желдің пайдасы мен зияны" жайлы пікірталас өтті.
   Ал, үшінші топ желбағардың моделін жасап көрсетті. Әр жұп өздері қағаздан жасаған мысықтарын   үрлеу арқылы жарыстырып,  ойын арқылы зерттеп, соңынан қорытынды жасады.  "Стоп кадр" әдісі арқылы аңдар не себепті желге қарсы жүгіретіні анықталды. 
    Сабақ қорытындысы ретінде  зейнеткер педагог, жел жайлы көптеген зерттеулер жүргізген А.К.Омарбаеваның  2 минуттық бейнетаспасы ұсынылды. Ол кісінің зерттеулері бойынша Қазақстанда соғатын желдердің біздің ауылымызға қалай әсер ететіні  сабақты бекітуге тың дерек болды. 
    Сабақ соңында үйге "Сен білесің бе?" айдары берілді. Оқушылардың сабаққа қатысуын мұғалім "Жел раушаны" диаграммасы арқылы өрнектеді. Әр оқушы өзі отырған топтағы макетке стикер жапсыру арқылы кері байланыс жасады. Сабақ кезеңдері сақталды және дәл уақытында аяқталды. Сабақ аяқталған соң мектептің педагог-зерттеуші ұстаздары өз пікірлерін білдірді. Қатысушылардың ұйғарымы бойынша, сабақ жоғарғы деңгейде өткізілді.
   Ұйымдастырған: сынып жетекшісі Л.Б.Аяганова.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Мекен жайымыз
Қазақстан, Абай облысы,Ақсуат ауданы, Қызыл кесік ауылдық округі, Қызыл кесік ауылы, орам Қ.Көнекбайұлы, ғимарат 57, пошта индексі 071511

©2023, Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің «Би Боранбай Атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдау "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru