25
қараша
2024
"Сыртта тамақтану"

2024 жылдың 25 қараша күні 10-11 сынып ата-аналарымен АПҚО жоспарына сәйкес “Сыртта тамақтану” тақырыбы бойынша жиналыс өтті.
Ата-аналарға дұрыс тамақтану баланың өсіп келе жатқан организмінің қалыптасуында үлкен рөл атқаратындығын, ата-аналардың өздері үлгі көрсетіп, ертеңгілік астан бастап тамақтану режимін сақтауға, тамақты отбасымен бірге ішуді, зиян келтіретін тағамнан, газдалған сусындарды ішуден бас тартуға, суды жеткілікті мөлшерде ішуге, көкөніс пен жеміс жеуге үйреткендері жөн екендігі туралы кеңес берілді.
Мақсаты:
Ата-аналарды дұрыс тамақтану мәдениетімен
таныстырып,денсаулық құндылығы,дұрыс тамактану
туралы түсініктерін кеңейту. Адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін,денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
Өткізген сынып жетекшілері: К.К.Кабылова,Д.И.Нұрахметова, М.А.Мәдениетова,Қ.З.Қанапиянов.