М.А.Мәдениетованың ұйымдастыруымен “Жүректі жылытар мейірімділік” тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті.
"Адамның көркі – ақыл мен мейірім." (Домалақ ана)
15-сәуір күні "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы, сәуір айы: "еңбекқорлық және кәсіби біліктілік" құндылығы аясында 10 "Б" сыныбында жетекшісі М.А.Мәдениетованың ұйымдастыруымен “Жүректі жылытар мейірімділік” тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті.
Мақсаты: Адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі мейірімділік туралы жан жақты ой қозғау, оқушы бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету, оларды шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу
Сабақ барысында оқушылар мейірімділік жайлы видеоролик көріп, өз ойларымен бөлісті, постер қорғап, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.