9-сәуір-9-мамыр "Патриот" бұқаралық-қорғаныс айлығы аясында мектебіміздің 3-сыныбында жетекшісі Г.О.Калиаждарованың ұйымдастыруымен "Мен- елімді сүйемін!" атты ашық тәрбие сағаты болып өтті.
Мақсаты: Оқушылардың Отанына, туған жеріне, елін жаудан қорғаған бабаларына деген құрметтері мен сүйіспеншіліктерін мәнерлеп өлең оқып, нақышына келтіріп әндер орындау арқылы патриоттық сезімдерін, тіл байлықтарын, өнерге деген бейімділіктерін, көркем әдебиет пен музыкаға деген құштарлықтарын дамыта отырып, эстетикалық тәрбие беру.
Тәрбие сағаты Қазақ хандығының құрылуынан басталып, тәуелсіз Қазақстанға дейінгі тарихи уақыт қамтылған слайд көрсетіліп ашылды.
Шара соңы ата-ана Кәрібаев Нұрланның жеке дауыста орындаған "Атамекен" әніне оқушылар қосылып, хор орындауымен аяқталды.