"Ұштасқан үш буын" » «Би Боранбай Атындағы орта мектебі»
Абай облысы білім басқармасының
Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің
«Би Боранбай Атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72359) 2-72-41
Есепші бөлімі:
+7(72359) 2-72-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
желтоқсан
2024

"Ұштасқан үш буын"



13 желтоқсан күні Зерттеуші-педагог ұстаздарының онкүндігі аясында "Ұштасқан үш буын" атты шара өтті.  Бастауыш сынып педагогі, зерттеуші-педагог Г.О.Калиаждарова өзінің бастауышта түлетіп ұшырған түлектері мен білім алушыларын оқытып, тәрбиелеуде бірлесе, ынтымақтаса жұмыс жасаған ата- аналары және ұжымдас әріптестері арасында "Білім негізі бастауыштан қаланатынын", "Үлкенге құрмет, кішіге міндет" қағидаларын көрсете отырып, өзі білім нәрімен сусындатқан 3 буын (3сынып, 7 сынып, 11 сынып) шәкірттерінің басын қосты. 
✅Мақсаты:
1. Түлектер арасындағы ынтымақтастықты нығайта отырып, білім алушылардың бойына "Үлкенге құрмет, кішіге міндет" қағидасын насихаттау.
2. Ата-ана мен мектеп байланысын дамыта отыра ата-аналар қауымының мектепке және ұстазға деген құрметін көрсету.
3. Әріптестер пікірлерін тыңдай отырып,білім мен тәрбиенің бастауыштан қаланатынын естеліктер арқылы көрсете отырып, "Біртұтас тәрбие " бағдарламасын іске асыру. 
 Ата - аналарының ұстазға деген шынайы ризашылықтарын, пікірлерін тыңдай отырып, "Біртұтас тәрбие" негізінде ұстаз, ата- ана, шәкірт арасындағы сабақтастықты, ұлттық құндылықтар мен патриоттық сезім арқылы жеткізуге мүмкіндік берді.  Түлектерінің жетістіктерімен мақтанып, болашақтарынан зор үміт  күтетін жыр шумақтарымен,естелік фотолармен білдірді.
Шара көрермен көңілінен шыққан кездесу болды.
♻️ Ұйымдастырушылар:
Г.О.Калиаждарова- бастауыш сынып педагогі, педагог-зерттеуші;
Н.Ш.Бектемиров- БӘД пәні педагогі, педагог-зерттеуші ;
Б.К. Тусуппаева-мектеп тәлімгері,ата-ана .












Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Мекен жайымыз
Қазақстан, Абай облысы,Ақсуат ауданы, Қызыл кесік ауылдық округі, Қызыл кесік ауылы, орам Қ.Көнекбайұлы, ғимарат 57, пошта индексі 071511

©2023, Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің «Би Боранбай Атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдау "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru