Жеңістің 80 жылдық мерекесіне орай 1-сыныпта жетекшісі Г.Б.Шаймуратованың ұйымдастыруымен "Ұлы жеңіске-80 жыл! " атты тәрбие сағаты болып өтті.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Отансүйгіштікке, елін, жерін қастерлеп, құрметтей білуге, осы Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-апаларымыздың ерлігін таныстырып, үлгі тұтуға тәрбиелеу.
Сабақ кіріспесінде "Мен батыр- ұрпағымын!" - деп бірнеше рет қайталап, психологиялық ахуал қалыптастырды.
Сабақ барысында оқушылар "Ұлы жеңіске-80 жыл!" тақырыбында слайд және "Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы" атты қысқа метражды деректі фильмді тамашалады.
Оқушылар соғыс ардагерлеріне арналған өлеңдерді жатқа айтты.
"Жүректен жүрекке" әдісімен кері байланыс жасалынып, сабақ қорытындыланды.