3-сыныбында жетекшісі Г.О.Калиаждарова “Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. » «Би Боранбай Атындағы орта мектебі»
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдық мерекесіне орай мектебіміздің 3-сыныбында жетекшісі Г.О.Калиаждарова “Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Сабақтың мақсаты: Ұлы Отан соғысы туралы мағлұмат беру, оқушыларды ерлік пен Отансүйгіштікке, ардагерлерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушыларға Ұлы Отан соғысына дейінгі және кейінгі Қазақ өлкесі, халқы және т.б қамтылған бейне материал көрсетілді.