8 "А" сыныбында жетекшісі Б.К.Ахатаева "Ешкім де, еш нәрсе де ешқашан ұмытылмайды" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. » «Би Боранбай Атындағы орта мектебі»
Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесіне орай 8 "А" сыныбында жетекшісі Б.К.Ахатаева "Ешкім де, еш нәрсе де ешқашан ұмытылмайды" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: Ұлы Отан соғысы және оның тарихи маңызы туралы білімдерін жетілдіру, Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлар мен жауынгерлердің ерліктерін ұлықтау.
Сабақ барысында білім алушылардың Ұлы Отан соғысың тарихы жайлы білімдерін тексеру мақсатында сұрақ-жауап ұйымдастырылды.
Ұлы Отан соғысының батырлары мен сол кездегі тарихи оқиғаларды бейнелейтін бейне материал көрсетіліп, әр топқа белгілі бір батырдың өмірі мен ерлігі туралы тапсырма берілді.
Еркінбекқызы Айзада "Ұлы Жеңіске-80 жыл!" атты арнауын оқыды.