"3-ке көбейту кестесі" » «Би Боранбай Атындағы орта мектебі»
Абай облысы білім басқармасының
Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің
«Би Боранбай Атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72359) 2-72-41
Есепші бөлімі:
+7(72359) 2-72-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
ақпан
2025

"3-ке көбейту кестесі"


⚜️"Педагог-сарапшы мұғалімдерінің онкүндігі" аясында бастауыш сынып мұғалімі, педагог-сарапшы  М.Н.Бекетаев  2 "А" сыныбында математика пәнінен "3-ке көбейту кестесі" тақырыбында  ашық сабақ өткізді.
⚜️Мақсаты: Білім алушыларды 3-ке көбейту кестесін құруға, қолдануға үйрету. 
    Сабақ "Алтын сақа" ертегісі желісі бойынша  өтті. Ертегідегі балаға оқушылар есептерді  шығару арқылы  көмектесуі керек. 
Сабақ кіріспесінде  оқушылар  асық түсін таңдап,  "Ақылдылар", "Білімділер" және "Тапқырлар" болып  3 топқа бөлінді.
 ⌛1-кезең "Асықтар" әдісінде берілген өрнектерден  3-ке көбейту кестесін құрып, көбейтудің ауыстырымдылық әдісін қолдана отырып,  бөлу амалын орындады.
 ⌛ 2-кезең "Бәйтерек" әдісімен 3-ке ондық сандарды көбейтті.
Сергіту сәтінде "Санамақ"ойыны ойнатылды, онда оқушылар шеңбер құрып сандарды  20-ға дейін жұптап, өсу және кему ретімен санады.
  ⌛3-кезең "Ойлан,жұптас,талқыла" әдісі арқылы оқушылар берілген есептерді шығарып, кері есеп құрастырды. 

⌛4-кезең "Кім жүйрік" әдісімен санды 3-ке көбейту кестесін пайдаланып, берілген кестелерді толтырды.
  ⌛5-кезең "Білім қоржыны" әдісі негізінде  оқушылар сабақтан үйренгені туралы ойын жеткізіп,  кері байланыс жасады. 
  ?Сабақ нәтижесінде  білім алушылар 3-ке көбейтуді, көбейтудің ауыстырымдылық  қасиетін пайдалана отыра  бөлуді, топпен бірігіп есеп шығаруды үйренді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Мекен жайымыз
Қазақстан, Абай облысы,Ақсуат ауданы, Қызыл кесік ауылдық округі, Қызыл кесік ауылы, орам Қ.Көнекбайұлы, ғимарат 57, пошта индексі 071511

©2023, Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің «Би Боранбай Атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдау "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru