"Педагог-сарапшы мұғалімдерінің онкүндігі" аясында ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог-сарапшы М.О.Оралбекова 8 "Б" сыныбында "Nature reserves around the world " тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Мақсаты: Білім алушылар мәтіннің мазмұнын түсініп, әлемдегі табиғат қорықтары туралы мағлұмат алып, әңгімелеп айта алады.
Сабақ барысында білім алушылар үй тапсырмасына берілген диалогты рөлге бөліп айтты. Табиғат қорықтарында тіршілік ететін аңдар мен құстардың суреттері арқылы екі топқа бөлініп, жаңа тақырыпты ашты. Сонымен қатар жекелеме және жұптық жұмыстарда қолайлы әдістер пайдаланды.
Ал топтық жұмысқа білім алушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында "Көкпар" ұлттық ойынымен екі топтың жарысы түрінде өткізілді. Оқушылар өзін-өзі бағалау парақтарында бағалап отырды.
LearningApp.org платформасы арқылы білім алушылар өздерінің алған білімдерін тест сұрақтарын орындау арқылы тексерді.
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар Google платформасында QR кодты сканерлеу арқылы кері байланыс жасады.
Осы ашық сабақ нәтижесінде білім алушылар Әлем бойынша табиғат қорықтары туралы ойларын еркін жеткізе алды.