19 маусым 2025 0 1 2 3 4 5 Мектебіміздің үздік оқушысы Қарпықов Берікжан "Jas Abay" мектебіне грантқа оқуға қабылданды. Сүйінші...Сүйінші...Сүйінші...Мектебіміздің үздік оқушысы Қарпықов Берікжан "Jas Abay" мектебіне грантқа оқуға қабылданып, бізге зор қуаныш сыйлады!Бұл жетістіктің артында баланың табандылығы ғана емес, оны әрдайым қолдап, бағыт берген сынып жетекшісінің және ата-анасының еңбегі жатыр.Сынып жетекшісі А.Н.Азимхановаға – үздіксіз қолдауы мен шабыт бергені үшін, Ата-анасы Қаныш аға мен Гаухар апайға – бала тәрбиесіндегі мейірім мен жанашырлығы үшін алғысымыз шексіз!Осындай тәрбиелі, білімге құштар шәкірт тәрбиелегендеріңіз – баршаға үлгі!Бірге жеткен биіктеріңіз көп болсын!#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Ақсуат#oqu_agartu_ministrligi #абайоблысыбілімбасқармасы