4 "Б" сыныбында "Сарқылмас қазынаның бастауысың, Саған мәңгі басымды ием, Бастауышым!" атты мерекелік кеші болып өтті. » «Би Боранбай Атындағы орта мектебі»
Сарқылмас қазынаның бастауысың, Саған мәңгі басымды ием, Бастауышым...
Мектебіміздің 4 "Б" сыныбында "Сарқылмас қазынаның бастауысың, Саған мәңгі басымды ием, Бастауышым!" атты мерекелік кеші болып өтті.
Шара кіріспесі телеэкранда "Жаңалықтар" топтамасымен басталып, одан кейін сөз кезегі жүргізушілер Арғын мен Айзереге ұсынылды. Сынып оқушыларынан сұхбат жүргізіліп, Риза тілші ретінде сыныптың ерекше жетістіктерімен таныстырды. Жаңалық соңынан "Ауа райы" топтамасына кезек берілді.
"Бұзық" әнімен қойылым би арқылы көрсетілді. "Алло" әнінің сөзін оқушымен ұстазға арнап өзгертіп, Есжан мен Гүлім орындады.
"Мектеп вальсі" және "Нота" биі биленді. Шара соңында "Қоштасу әні" шырқалды.
Орта буынға өткелі отырған оқушыларға "Сәт сапар" тілейміз.