"Бала шақтан болашаққа" атты 4 "А" сыныбының бастауышпен қоштасу мерекелік шарасы болып өтті. » «Би Боранбай Атындағы орта мектебі»
Абай облысы білім басқармасының
Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің
«Би Боранбай Атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72359) 2-72-41
Есепші бөлімі:
+7(72359) 2-72-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Бала шақтан болашаққа" атты 4 "А" сыныбының бастауышпен қоштасу мерекелік шарасы болып өтті.
21
мамыр
2025

"Бала шақтан болашаққа" атты 4 "А" сыныбының бастауышпен қоштасу мерекелік шарасы болып өтті.


vid-20250523-wa0085.mp4 [16,07 Mb] (cкачиваний: 0)
Бала шақтан болашаққа...
 ⚜️Мектебімізде "Бала шақтан болашаққа" атты  4 "А" сыныбының бастауышпен қоштасу мерекелік шарасы болып өтті.
⚜️Мақсаты: Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білім-білімнің негізі болып қаланатынына көз жеткізу, бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, сәт-сапар тілеу, білім берер ордасы-мектепті, ұстаздарды құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұрпағы болуға тәрбиелеу. 
⚜️Шараның басы сынып жетекшісінің кіріспе сөзінен басталып, оқушылардың әнімен жалғасын тапты. 
🎵"Мектебім", "Ұстазыма", "Бастауышпен қоштасатын кез келді" атты әндерін шырқады. 
🎬Орта буынға өтуге байланысты кездесетін қызықтар мен қиыншылықтар туралы "Бәрі жақсы болады"  көрінісі сахналанды.
✨"Учат в школе" флешмобы, "Мектеп вальсі" биін билеп, мерекенің қызығын қыздыра түсті.
✨Ата-ана, ауылымыздың ақыны Б.Жұматова "Ұстазға арнау" оқып, балаларға жарқын болашақ тілеп, шашу шашты.
🎵Ата-ана А.Жумажанова "Ұстазым" әнін шырқады. Ата-аналар оқушыларды құттықтап, баталарын берді, ұстаздарына алғыс білдірді. 
📚Шара соңына қарай сынып жетекшісі  естелікке Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай әр оқушыға "Абай қара сөздері" кітапшасын тарту етті. 
🏮Шара аяқталған соң, арман-тілектері жазылған "Тілек шамы"  әуешарын аспанға ұшырды. Бастауышты аяқтап, орта буынға қадам басқан оқушыларға білім қанаттары талмай, тек биіктерге самғасын деп тілек айтамыз!
👩‍🏫Сынып жетекшісі Б.М.Казыбаева
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Мекен жайымыз
Қазақстан, Абай облысы,Ақсуат ауданы, Қызыл кесік ауылдық округі, Қызыл кесік ауылы, орам Қ.Көнекбайұлы, ғимарат 57, пошта индексі 071511

©2023, Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімінің «Би Боранбай Атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдау "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru