“Педагог - сарапшы мұғалімдерінің онкүндігі” аясында математика пәні мұғалімі, педагог - сарапшы Ж.К.Кәдрғазина 5 “Б” сынып білім алушыларымен “Ондық бөлшектерді қосу және азайту” тақырыбында ашық сабақ өткізді..
Мақсаты: Білім алушылардың ондық бөлшектерді қосу және азайту ережелерін есеп шығаруда дұрыс қолдану дағдысын қалыптастыру.
Сабақ барысында сынып ”Киіз үй” әдісі арқылы 3-топқа бөлінді. Жекелей тапсырмалар орындап оны “Арқан тарту” ойыны арқылы тексерді. Жұптық жұмысты “Қымыз” интерактивті ойыны арқылы тапсырмаларды орындады. Топтық тапсырмада оқушылар “Киіз үйге” кіру үшін оның есігінде тұрған QR кодты ашу керек. Яғни, әр топ өз есептерін дұрыс шығарған кезде ғана киіз үйдің есігі ашылады.
LearningApp.org платформасы арқылы білім алушылар өздерінің алған білімдерін тест сұрақтарын орындау арқылы көрсетті.
Осы ашық сабақ нәтижесінде білім алушылар ұлттық құндылықтарды бойына сіңіре отырып, математика пәнінен ондық бөлшектерді қосуды, азайтуды үйренді.