"Педагог-сарапшы мұғалімдерінің онкүндігі" аясында бастауыш сынып мұғалімі, педагог-сарапшы Б.М.Казыбаева 4 "А" сыныбында қазақ тілі пәнінен "Зат есімнің жіктелуі" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Мақсаты: Жіктік жалғауларының қолданысын білу және оларды сөйлемде дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Сабақ барысында білім алушылар "Судағы фокус" әдісі арқылы сабақтың тақырыбын өздері анықтап, "Теңіз жағалауындағы құстар" әдісі арқылы үй тапсырмасының сұрақтарына жауап берді.
"Кинометафора"әдісі арқылы бейнебаяннан жаңа сабақпен танысты.
"Көгершіннен хат"әдісі арқылы ребус шешіп, шешуіндегі сөзді жіктеп жазды. Жасанды интеллекттің тапсырмасын орындады.
Сабақты бекіту мақсатында "Жұмыртқа жинау" әдісі қолданып, кері байланыс жасалды.
Осы сабақ нәтижесінде білім алушылар зат есімнің жіктелуі, жіктік жалғауларының қолданысы жайлы түсінді.